«Алматы - мемлекет пен бизнес әріптестіктің жүргізіліп отырған сәтті үлгісі саналады. Әлеуметтік жауапкершілікті өзіне алуға дайын кәсіпкерлерге қолдау көрсету, түрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Атап айтқанда: демеуқаржылар, мемлекеттік кепілдіктер, субсидиялар мен жеңілдіктер қарастырылған несиелер. Біз кез келген ұсыныстарға ашықпыз және түрлі жобаларды қарастыруға дайын екенімізді айтқымыз келеді», - деді комиссия төрағасы Асқар Білісбеков. Стратегиялдық жоспарлау, бюджет және тиімділігі жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері –Асқар Білісбеков, Шухрат Шардинов, Юрий Шин мен Махамбет Хасенов «Магнум» және «Локо маркет» дүкендер желісін аралады.
Депутаттар әлеуметтік маңызға ие тауарлар бағасын ырықта ұстауға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта қала бюджетінен 11 млрд теңге бөлінген болатын.
«Магнум» сауда желісінің өкілдері мәслихат депутаттарына әлеуметтік қалалық карта желісін енгізгендері туралы айтып берді. Бұл дегеніміз банк карталары солар арқылы жеңілдіктерге қол жеткізген халықтың тобы яғни зейнеркерлер, студенттер мен мектеп оқушылары, аяғы ауыр әйелдер, көпбалалы отбасының мүшелері, жәрдемақы алып отырған мүмкіндігі шектеулі азаматтар, тұтынушы ретінде дүкенде жеңілдіктер қарастырылған бағамен тауар алады.
Осындай жеңілдіктер қоғамдық көліктерде де қарастырылған.
«Нарықтық экономика жағдайында мемлекет пен жеке әріптестік арасында тиімді механизмдер ойластырып, халықтың әлеуметтік топтарына мейлінше қолдау жасауды көздейміз. Алматы қашан да түрлі жобалардың тұсауы кесіліп, жаңасының жүзеге асырылатын қаласы саналады», - деді стратегиялық жоспарлау, бюджет және тиімдігі жөніндегі тұрақты комиссияның бастығы Асқар Білісбеков.
Депутаттардың тексеруімен атбасын тірейтін келесі нүктесі – «Үй жанындағы дүкен» мен «Локо Маркет» сауда желілері. Бұл сауда желісінің ұстанымы – арадағы делдалсыз қызмет ету. Ритейлерлер Алматы облысының шаруа қожалықтарымен келісіп, бақшадан өнім тікелей дүкен сөресіне жеткізіледі. Желі мемлекеттен демеуқаржа алмайды, алайда қаладан арзан бағаға сауда нүктелерін жалға алады. Мұндай жеңілдіктер кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызға ие тауарларды арзан бағамен жеткізуге және сатуға мүмкіндік береді.