Мәслихат депутаттары Алатау мен Наурызбай ауданындағы өртке қарсы депо жұмысын тексерді

Dalanews 09 дек. 2021 11:56 765

Жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссия депуттары - Рахат Шимашева, Ерболат Қасымов, Әлібек Шәпенов және Көпесбай Жәмпейісов Алатау мен Наурызбай аудандарында жаңадан ашылған өртке қарсы депо жұмысымен танысып қайтты.

Екі қабаттан тұратын өртке қарсы депо Ақжар ықшам ауданында 1,5 жылдың ішінде салынған. Өртке қарсы депо Наурызбай ауданындағы 159 мыңнан аса тұрғынның қауіпсіздігіне жауап береді. Сонымен қатар жаңа ғимаратта ТЖД шұғыл әрекет ету орталығы орналасқан. Арнайы техникаларға автотұрақ бар. Қызмет көрсету, байланыс бөлімшесі, демалыс бөлмесі мен тамақтану орны, жаттығу залдары мен дәріс бөлмелері қарастырылған.

Алатау ауданындағы өртке қарсы депо бірден алты жедел шығу жүмкіндігіне ие. Бокстарда су толтырылған автоцистерналар орнасқан. Депоның оқу-жаттығу мұнарасы бар. Одан бөлек, заманауи өртке қарсы бөлімшеде отбасылық жатахана бой көтерген.



«Қала басшылығы алматылықтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне баса мән беріп, мәселені қатаң бақылауда ұстап отырады.Жаңа ашылған деполардың әрқайсысында тиімді қызмет көрсетуге қажетті барлық жағдай қарастырылған: байланыс және хабарлама құралы, дәріс сыныптары, оқуға арналған бөлмелер, жұмыс пен демалыс бөлмелері бар.

Құрылыс компаниясы кіреберіс жолды жасап, автокөліктерге орын, қуат көзін үнемдейтын сыртқы шамдар орнатып, бағдаршамдар, жауын шашынға арналған кәріз жолдары, апатты жағдайда электр қуатымен қамту жүйесін орнатқан.

Сонымен қатар, көгалдандыру мен ауланы абаттандыру бойынша да барлық жұмыстан тыңғылықты орындалған», – деді жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Рахат Шимашева.

Рекомендовать
Последние новости