Марқұм кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің Шымкенттегі мүлкі мен акциялары мемлекетке қайтарылды

Көркем Алдабергенова 17 июл. 2024 10:36 5018

Марқұм кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің Шымкенттегі мүлкі мен акциялары мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады. 

Шымкент қаласының прокуратурасымен биыл I-жартыжылдықта экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 млрд теңге мүлік және акциялар мемлекетке қайтарылды.

Осылайша, сот азамат Бақыт Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды.

Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 млн теңге көрсетілген жылжымайтын мүлік Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді.

Шымкент қаласының прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

 


Рекомендовать
Последние новости