Маралдыда алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды: қауіпсіздік пен әлеуметтік міндеттемелер басымдықта.

Жарбол Кентұлы 26 нояб. 2024 18:48 523

"ВСАМ Продакшн" ЖШС өкілдері Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы аяқталғанын хабарлады.

"Біз фабриканы іске қосуға қажетті барлық рұқсаттарды алдық және бүгіннен бастап толық көлемде жұмыс істей бастаймыз", – деді кәсіпорын директорының орынбасары Талғат Мақатаев.


Фабрика басшылығының өкілі компанияның барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жергілікті халық алдында уәде етілген әлеуметтік міндеттемелерін толықтай орындайтынын атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости