2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қаракөз Амантай 26 нояб. 2024 11:32 1627

Тексеру қорытындысы бойынша 2,2 млн.гектар аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Бұрын берілген нұсқамалар негізінде 311,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. 200,4 мың гектар алқапта пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізілуде. ЖАО қабылдаған шешімдердің заңдылығын мемлекеттік бақылау шеңберінде 368,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы 875 заңсыз шешім анықталды, оның ішінде 84 шешім жойылды. Негізгі бұзушылықтар конкурстық рәсімдерді айналып өтуге және жалпыға ортақ пайдаланылатын жайылымдарды заңсыз бөлуге байланысты", - делінген хабарламада. 

Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2 млн. гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл 2024 жылғы жоспарды мерзімінен бұрын орындауға мүмкіндік берді.


Рекомендовать
Последние новости