Мақсат – айқын, меже – биік

Dalanews 14 дек. 2018 12:22 809

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында облысымыздың бірқатар басшылары кезең-кезеңімен баспасөз мәслихаттарын өткізуде.

Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек айқын межемізді бағындырып, экономикамызды өркендету жолында, Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылдың 10 айында жүзеге асырылуы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатын өңірлік коммуникациялар қызметінің маманы, модератор Байсов Қанат Сүлейменұлы жүргізіп отырды.

Қала басшысы ағымдағы жылы жүзеге асырылған ауқымды жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы кезеңде іске асырылатын маңызды жобаларды баяндап өтті. Өз кезегінде қала әкімі шаһарда атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, жиналған журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Баяндамашыға республикалық, облыстық және жергілікті газеттер мен телеарна өкілдері тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.

Қадырбек Мұрат Болатұлы баспасөз мәслихатына қатысушыларды алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтап, отбасыларына амандық пен сәттілік тіледі.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости