Биыл Арыста 2748 адамға шағын кәсіпкерлікпен айналысуға берілген

Dalanews 14 дек. 2018 07:26 838

Арыс қаласында өндірілген жалпы ішкі өнім көлемі 25 млрд. 367 млн. теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114 пайызға артты.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында 4 млрд. 219 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 100,7 пайызды құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 183 млн. теңгеге артық.

2018 жылы жалпы құны 1 млрд. 610 млн. теңгелік 7 жоба іске асырылып, 152 жұмыс орындарының ашылуы жоспарланған.

2018 жылдың 10 айында Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында құны 250 млн. теңгелік 1 жоба іске қосылып, жаңадан 50 жұмыс орны ашылды.

Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында қалада «Арыс минералды су» ЖШС-гі құны 250 млн. теңгелік, 50 жұмыс орнын құрайтын, жылына 18 млн. литр минералды су және басқа да алкогольсіз сусындар шығаратын цехы іске қосылды.

Ал өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасынан тыс жобалар аясында құны 1 млрд. 360 млн. теңгелік 6 жобаның есебінен жаңадан 102 жұмыс орындарының ашылуы жоспарланса, оның ішінде: құны 245,0 млн. теңгелік 4 жобасы іске қосылып, оларда 85 жұмыс орындары ашылды.

Алдағы уақытта Арыс қаласында керамзит өндіретін кірпіш зауытын салу жоспарлануда.

«Сым-Тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс материалдарын, атап айтқанда керамзит және одан дайындалатын кірпіш өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда Монтайтас ауылдық округі аумағынан кең таралған пайдалы қазба, бетонит кен орнының құжаттары әзірленуде.

Арыс қаласының оңтүстік мөлтек ауданынан 2019-2020 жылдары шетелдік және жергілікті компаниялар бірлесіп, жылына 12,0 мың дана толық циклды вагондар шығаратын, жалпы құны 82,0 млрд. теңгені құрайтын зауыт салу жоспарлануда.

Аталған жоба аясында 1500-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Бүгінгі таңда аталған жобаны іске асыруға жергілікті «ЦТУ-юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 5 га жер телімі берілді. Алдағы уақытта 30 га жер телімі қосымша берілетін болады.

Құрылыс жұмыстарын келесі жылы жүргізуді жоспарлауда.

Жалпы 3613 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.

Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 3137 субьектіні құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,3 пайызға немесе 185 бірлікке артты

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімінің және ұсынылған қызметтерінің көлемі 20 млрд. 457 млн. теңгеге жетіп,

2017 жылдың 10 айымен салыстырғанда 116 пайызға артты немесе 2 млрд. 805 млн. теңгеге артық өнім өндірілген.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуеттік бастамасы» атты халыққа үндеуінің 4-ші бастамасы «Шағын несие беруді көбейту» бойынша шағын несие ұйымдары арқылы 2748 адамға барлығы 1 млрд. 529 млн. теңге несие берілсе, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы ұйымдары арқылы 76 адамға 426 млн. теңгеге несие берілген.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости