Маңғыстаулық ақсақалдар Президентке адай тұқымды қазақ жылқысының мәртебесін алуға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді

Dalanews 25 янв. 2024 14:26 1421

2024 жылғы 25 қаңтарда Ақтаудғы Достық үйінде Ұлттық зияткерлік меншік институтының, ауыл шаруашылығы министрлігі мен Әділет министрлігінің өкілдері «Асыл тұқымды «Адай» жылқысы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігіне «Адай жылқысы» брендін пайдаланудың айрықша құқығын растайтын куәлік табыс етті. Осылайша, «Адай» тұқымды қазақ жылқысының ерекше қасиеттері енді заңды түрде бекітілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2022 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында адай жылқысын дербес тұқым ретінде ғылыми тануды тапсырған болатын.

Ол үшін Маңғыстауға Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институтының мамандары келді. Заманауи технологияларды қолдана отырып, сарапшылар жылқылардың генетикалық құрылымын анықтау үшін ғылыми сынақтан өткізді.

Ұлттық зияткерлік меншік институты директорының орынбасары Айдын Артықова зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ескере отырып, қазақтың адай жылқысының ерекшеліктері енді заңды түрде қорғалғанын айтты.

Бұл өз кезегінде жылқы өсірушілерге қазақтың адай жылқысының тұқымын сақтау, өсіру және насихаттау үшін тиімді болмақ, сонымен қатар ұлттық ойындарды, соның ішінде көкпар мен бәйгені насихаттауға ықпал етпек.

«Ұлттық зияткерлік меншік институты әрқашан ұлттық брендтердің қорғалуы мен сақталуын мұқият қадағалайды. «ҚазПАТЕНТ» географиялық ерекшелігіне қарай Алматы апортынан кейін, «Адай» жылқысының тұқымын патенттеді.

Тұқымның жаңашылдығы, ерекшелігі мен біртекітілігі, сонымен қатар, ғылыми, патенттік критерийлерге сәйкестік, оның ұлттық брендке айналуына мүмкіндік берді. Айрықша құқықтардан басқа, патент иесіне 30 жылдық қауіпсіздік мерзімі беріледі. Патенттер тек «Адай» тұқымына ғана емес, оның 2 типімен мен 3 желісіне де берілді» - деді Айдын Артықова.

Маңғыстау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов Қазақстан Президентіне адай тұқымды қазақ жылқысының мәртебесін нығайтуға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев «Адай» жылқысына патент алу жұмыстың маңызды бір бөлігінің аяқталғанын, дегенмен атқарылатын жұмыстардың басым бөлігі әлі алда екенін жеткізді.

«Президенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыстың арқасында адай тұқымды қазақ жылқысы қазір Қазақстанның ұлттық бренді болып табылады. Бұл мақтаныш сезімін тудыратын маңызды жетістік. Біздің басты мақсатымыз-ата-бабаларымыздың мұрасын құрметтеу арқылы ұлттық болмысымызды сақтау. Мұндай мәртебе алу тұқымның бірегей генетикалық қасиеттері мен мәдени мұраны сақтауға, селекциялық бағдарламаларды дамытуға, тұқымды сақтап қалуға және сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай - ақ, асыл тұқым мәртебесі халықаралық жарыстарда мемлекет мүддесін қорғауға және туристерді тартуға ықпал етеді, - деп атап өтті өңір басшысы.

Қазақтың адай жылқысы Арал-Каспий ойпатының аумағында жергілікті жылқы популяциясының көпжылдық халық селекциясы негізінде қалыптасты. Бұл тұқымның жылқылары жергілікті қатал табиғи-климаттық жағдайларға жақсы бейімделген. Сыртқы ерекшеліктерге айрықша төзімді және күтіп-баптау жағдайларына тез бейімделеді.

2023 жылғы 4 қарашада Кендірлі ауылында өткен халықаралық турнирде адай тұқымды қазақ жылқысы өзінің ерекше қасиеттерін көрсетті. Онда қазақтың адай жылқысын Халықаралық ат спорты федерациясының алты төрешісі, оның ішінде БАӘ сарапшылары бағалады.

Бұл жарыста Көк Жебе есімді адай жылқысы 4 сағат 48 минут 36 секундта 100 шақырымдық қашықтықты жүріп өтіп, жеңіске жетті. Бұл жетістік жануарға алтын медаль мен бірінші орын әкелді.

2022 жылы жарыстарда қазақ жылқысының «Адай» тұқымы өзінің табандылығы мен айрықша мінезін көрсетті. Сол кезде Маңғыстаудан келген «Көкмойнақ» командасы адай жылқысымен 1200 шақырым жүріп өтіп, «Ұлы Дала жорығы» республикалық марафонында бірінші орынды иеленді.

2023 жылы осы марафонда маңғыстаулық адай жылқысының шабандозы Астанадан Түркістанға дейін 1300 шақырымды небәрі 98 сағат 44 минут 47 секундта бір атпен жүріп өтіп, рекорд орнатты.

Рекомендовать
Последние новости