Маңғыстауда шатқалды ойып, қызу талқыланған шенеунік басшылық қызметке тағайындалды

Көркем Алдабергенова 26 мар. 2024 10:11 2903

Маңғыстаудағы Ыбықты-Cай шатқалын бүлдіріп, жазу жазған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді Ақтөбе облысындағы Байғанин аудандық мәдениет үйін басқарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Еуразия" телеарнасының мәліметінше, Қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің экс-директоры Манас Көшербаевтың тағы да басшылық қызметке келген.

"Биыл 15 ақпанда Байғанин аудандық мәдениет үйінің директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланды, құжаттары конкурс талаптарына сәйкес келетін кез келген Қазақстан азаматы өтініш бере алады. Конкурсқа үш адам құжат тапсырды. Оның ішінде Көшербаев Манас Маратұлы да болды. Конкурстық комиссияда екі азаматтың біліктілігі талапқа сай келмейтіні, екі кандидаттың да басшылық қызмет атқармағаны белгілі болды. Ал Манас Көшербаевтың құжаттары барлық талапқа сай келді. Сондықтан ол 6 наурызда Байғанин аудандық мәдениет үйінің басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін БАҚ-тарда Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ойып жазу жазған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалғанын хабарланған. Ер адам балға, бұрағышқа ұқсас затпен жартасқа ойып жазған. Әлеуметтік желілерде ер адамның әрекеті көрінетін видео жарияланды.

Кейіннен ол қызметінен босатылған болатын. 


Рекомендовать
Последние новости