Маңғыстау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жүргізілді

Dalanews 18 мар. 2021 15:40 833

Биыл Маңғыстаудағы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» 56 медициналық ұйыммен келісім-шарт жасады. Қор тарапынан медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жүргізілген, – деп хабарлайды Dalanews.kz облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

да өткен брифингте «Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру Қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің басшысы Мадина Баспаева мәлім етті.

– Бүгінде жоспар бойынша мониторингтік топпен бірге 25 медициналық ұйымға бақылау жүргізілді. Тексеріс барысында құжаттардың толық жүргізілмеуі, қызметті ұзақ алу, емдік шаралардың талапқа сай еместігі анықталды. Олқылықтың орнын толтыру үшін медициналық ұйымдарға 45 күн беріледі. Кемшілік жойылмаса тиісті шаралар қолданылады, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің басшысы Мадина Баспаева.

Айта кетейік, қорда медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында сарапшылық кеңес жұмыс істейді. Бұдан бөлек әрбір ұйымда науқастарды қолдау мен ішкі аудит қызметі бар. Мұнда науқастарға көрсетілетін медициналық көмек тәртібінің жай күйі анықталады.

Егер науқас көрсетілген медициналық көмекке қанағаттанбай жауапты қызметкер тарапынан дөрекілік қатынас не болмаса тегін медициналық көмек үшін ақша талап ету секілді жәйттер орын алса, мәселені тез арада қарастыруға жұмыстанады.

Рекомендовать
Последние новости