«Еңбегі сіңген ит асыраушы» деген атақ тағайындалды

Dalanews 18 мар. 2021 15:50 909

Түркіменстан парламенті "Еңбегі сіңген ит асыраушы" және "Халықтық ит асыраушы" деген құрметті атақтармен марапаттау жөнінде заң жобасын қабылдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Азаттықтың түркімен қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар бұл атақтарды ел президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтің "ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау" тапсырмасымен байланыстырады. Президент ит асыраушыларға берілетін медальдың таным белгілерін жеке өзі қараған.

Түркіменстандағы мемлекеттік медиа мемлекет басшысын алабай тұқымдас итті жақсы білуші ретінде насихаттауды жалғастырып жатыр. Бердымухамедов олар жайында кітаптар да жазған, өлең, ән де арнаған.


Былтыр 10 қарашада Ашғабадта алабай итіне алтын жалатқан ескерткіш ашылды. Президенттің ұлы түркімен алабай қауымдастығын басқарады.

Бірақ жергілікті билік иесіз иттер мен мысықтардың көзін жоюды жалғастырып жатыр.

Рекомендовать
Последние новости