Бердімұхамедовтің немересі "ұлттық өнерді байытудағы еңбегі үшін" сыйлығын алды

Dalanews 03 июл. 2020 08:40 961


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің немересі Керимгулы парламент шешімімен "Tуркмен Алтын асыры" деген президент сыйлығымен марапатталды деп жазады "Туркменпортал" сайты.







Керимгулы Бердімухамедовке "ұлттық өнерді жаңа шығармаларымен байытып, мерекелік шараларды сәтті орындап жүргені үшін" алтын алқа тағылып, 3500 манат (1000 доллар) сыйақы берілген.

"Tуркмен Алтын асыры" деп аталатын байқау жыл сайын ел тәуелсіздігі күні құрметіне өткізіледі.

Керимгулы түркімен президентінің ең танымал немересі. Ол атасының (президенттің) өлеңдеріне ән жазады әрі оны түрлі концерттік шараларда бірге орындап жүр. 2019 жылы "Каракум" әнін екеуі орындаған. Биыл сәуір айында Ат жарысы ұлттық мерекесінде де аталған әнді бірігіп орындады.

https://youtu.be/EnWE19Y1ABo

2019 жылы "түркімен президентінің денсаулығы күрт нашарлады, Бердімұхамедов мұрагерлік операциясын бастады" деген қауесет шыққан. Кейбір басылымдар сол кезде президент орнына ұлы Сердарды дайындап жатыр" деп жазды. Ол қазір елінде өндіріс және құрылыс министрі. Сол тұста саясаттанушы Аркадий Дубнов түркімен президенті немересі Керимгулыны да үлкен саясатқа әкелуі мүмкін деген.

"Бірнеше жыл бұрын Түркіменстанға іс сапарға жиі баратын жоғары лауазымды шенеунік президенттің қарамағындағы адамдар Керимгулының аяғын сүйеді деп айтып келген. Олар немересіне де ант беруге дайын. Ол кезде немересі бар болғаны жеті-сегіз жаста болатын", – деген саясаттанушы.



Рекомендовать
Последние новости