Мамай, сен Байбекке жала жаптың. Енді сот алдында жауап бер! – депутат

Dalanews 23 апр. 2021 14:56 827

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев блогер Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қоғам белсендісі Жанболат Мамайдың саяси бағытына баға беріп, оның кредиттік амнистия туралы ұсынысын сынады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Жанболат Мамайды әлі саясаткер ретінде көрмеймін. Саясаткер деген мәселені шешуші адам, немесе нақты шешетін жолдарын көрсететін адам. Ал Мамайдың Демо

 

кратиялық партиясының бағдарламасын оқыдыңыз ба? Партияның атынан белгіленген ұсыныстар болды ма? Мен естіген ұсынысы -халыққа кредиттік амнистия жасау. Несиені түгел кешіру керек. Бізде ондай мүмкіндік бар – дейді. Бұл халықты алдау мен арбау ғой. Кім кешіреді? Банктер кешіре ме? Банктің шетелден алған қарызын кім кешіреді? Жанболат кешіре ме? Популистік, саясаттан алыстау, өзінің ісімен айналысып жүрген азаматтарды қасына баурау арқылы белгіленген топты ұйымдастырып жүр», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Сонымен қатар, Жанболат Мамайдың Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке қатысты жариялаған видеоматериалына қатысты да пікірін білдірді. Осыдан біраз уақыт бұрын, Б.Байбек аталған видеода айтылған мәліметтің бәрін теріске шығарып, оны жағылған жала екенін айтты, сондай-ақ Жанболат Мамайды сотқа беретінін де ресми мәлімдеген болатын.

«Жанболат Мамай Бауыржан Байбекке қатысты тағы бір видео шығарып, оны дебатқа шақырыпты. Бұл сасқан үйрек артымен жүзеді дегеннің кейпі. Қандай дебат, адамға жала жаптың ба, енді соттың алдында жауап бер. Айтылған сөз – атылған оқ. Заң саясаткерге де, қарапайым адамдарға ортақ», - дейді Е.Бейсенбаев.


https://www.youtube.com/watch?v=l8APgkIFx48

Рекомендовать
Последние новости