Арыстық ардагерлер рухани астана - Түркістан қаласының құрылысымен танысты

Dalanews 23 апр. 2021 16:42 1149

Ұлы Жібек жолының бойындағы көне қала бүгінде түгел түркінің орталығына айналып, дамудың даңғыл жолына түсті. Бүгін Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жергілікті ардагерлер Түркі халықтарының рухани астанасы атанған Түркістан қаласына сапармен келіп, жаңарған қаланың құрылысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені.  Түркістан – сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары. Қарап отырсаңыз, халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған, қол бастаған тұлғаларымыз да аса жауапты сәттерде, күрделі саяси шешімдер қабылдайтын уақыттарда Түркістанға тағзым ете барған. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та осы киелі топыраққа ат басын бұратынын білесіздер», – деген болатын.

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Мамытқызы «Түркістанды түлету қай жағынан алып қарағанда да теңдессіз, ұлы бастама.   Рухани астанамызды дамытуға  баршамыз жауаптымыз» дей келе киелі Түркістанға жолға шыққан еңбек ардагерлеріне сәт-сапар тіледі.



Рекомендовать
Последние новости