Лецитин еліміздің Шығысында өндірілетін болады

Dalanews 30 нояб. 2023 08:03 1291

Шығыс Қазақстан майлы дақылдарды өсіру және өңдеу бойынша ел өңірлері арасында көш бастап келеді. Бүгінде облыс майлы дақылдарды өңдеу көлемін 900 мың тоннаға, ал өсімдік майларын экспорттауды екі есеге арттыруға бағыт алып отыр.


– Ел Президентінің Жолдауында 3 жыл ішінде АӨК-дегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін ұлғайту міндеті қойылған. Біз халықты сапалы және қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорт географиясын кеңейту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін барынша тиімді өндіруге баса назар аударып отырмыз, – дейді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.


2024 жылдан бастап жылына 4 мың тонна көлемінде сұйық лецитин өндіру үшін күнбағыс дәнін терең өңдеу технологиясы елімізде алғаш рет енгізілуде.


- Бүгінгі таңда тұқым қорының болуы өзекті. Біздің өңірде элиталық тұқым өсіретін кәсіпорын жұмыс істейді және күнбағыс, соя, жаздық бидай будандарын өндіреді. Айталық, "Бәйтерек" және "Байқоңыр" күнбағыс сорттары бірқатар әлемдік бәсекелестерінен озып, жетекші орындарға ие болды. Мұндай жұмысты "Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС жүргізуде, - деп қорытындылады өңір басшысы.


Жалпы, облыста ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті жоспарлы түрде ұлғайып келеді.


Рекомендовать
Последние новости