Киіктер шамадан тыс көбейіп кетті, шаруалар шығынға батуда - депутат Құспан

Dalanews 11 окт. 2023 07:40 1214

Бүгін Парламент қабырғасында Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабекке Батыс Қазақстан облысындағы шаруалардың базынасын жеткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өз кезегінде Абзал Құспанов Ауыл шаруашылығының министрлігінің өкіліне Батыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтармен кездесуінде бірнеше жылдан бері БҚО-ның оңтүстік аудандарындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде киік шамадан тыс көбейіп, нәтижесінде қожалықтарға тиесілі шабындық пен жайылымдарды таптап, шаруаларды шығынға батырып жатқанын алға тартты.

– БҚО-ның оңтүстік аудандары бұрыннан мал шаруашылығына бейімделгенін бәріміз білеміз. Қазір шаруалардың қысқы маусымға жем-шөп дайындауы үлкен мәселеге айналды.

Батыс Қазақстан облысына жасаған іс-сапар кезінде жергілікті билік орындары және Ауыл шаруашылығы мен Экология министрлігінің өкілдерімен бірлесіп киіктердің шаруаларға келтірген шығындар бойынша акт жасап, оны Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы Қаржы министрлігіне жолдап, республикалық бюджеттен субсидия түрінде 7,5 млрд теңге қаржы бөлу турасында ұсыныс жолдадық.


Алайда, кеше 2024-2026 жылдарға бюджеттің жобасында бұл субсидия қарастырылмағанын білдік. Біздіңше, шаруаларын қолдап, киіктің мәселесін біржақты ететін кез келді. Осы мәселеге байланысты биыл батысқазақстандық шаруаларға субсидия беріле ме, жоқ па соның нақты жауабын айтсаңыз? – деп Абзал Құспанов вице-министрге сұрақты төтесінен қойды.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек.

– Абзал Темірғалиұлы, қай субсидияны айтып тұрғаныңызды нақты білмедім. Биыл Үкіметке шаруаларға субсидия беру турасында 428 млрд теңгеге өтінім келіп түскен болатын. Бұдан басқа өткен жылғы қарыздан және биылға қосымша ұсыныс ертінде тағы да 155 млрд теңге субсияды бөлуге турасында өтімді қабылдадық. Біздер осы субсидиялардың бәрін жыл аяғына дейін шаруаларға беретін боламыз, – деп вице-министр депутаттың сұрағына жалпылама жауап беріп құтылды.

Рекомендовать
Последние новости