"Крокус сити холлда" теракт жасаған лаңкестер оларға қанша төленгенін айтты

Көркем Алдабергенова 25 мар. 2024 11:51 6448

"Крокус Сити Холл" ғимаратына шабуыл жасаған террористер 500 мың рубль алуы керек болған, - деп хабарлайды Dalanews.kz ресейлік БАҚ-тарға сілтеп. 

Бұған дейін күдіктілердің бірі Шамсидин Фаридуни қамауға алынғаннан кейін күдікті лаікестер бірден жауап алынған. Ол 500 мың рубль (2,4 миллион теңге) көлемінде алым төленгенін айтқан.

Көбі әрқайсына 500 мың рубль төленген деп оның сөзін қате түсінген. 

"Известия" басылымының "Крокус Сити Холл" ғимаратына жасалған шабуылға қатысқан екі террорист Түркияға барған кезде нұсқау алған болуы мүмкін екенін жазған. Терактінің қалған қатысушылары табылып, Ресей аумағында қылмысқа қатысы бары айтылды.

"Бұл классикалық мағынада террористердің, фанаттардың қараусыз қалған ұясы емес еді, керісінше, олар 2-3 аптаның ішінде бұл фанаттарға айналды. Барлығын қашықтан басқаруға болады. Бұл кездейсоқ таңдалған "ақылды және сыни ойлау деңгейі өте төмен орындаушылар. Бұл жұмысқа алудың және психологиялық қысымның алуан әдістерін жетік меңгерген олардың кураторларына такси жүргізушілері мен шаштараздарды террорист етуге мүмкіндік берді", - деп түсіндірді "Известия" газетіне терроризмге қарсы қауіпсіздік саласындағы маман.

Айта кетейік, 23 наурызға қараған кеште Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында теракт болды. Қаруланған бірнеше адам концерт залына басып кіріп, ішінде жүрген адамдарға оқ жаудыра бастаған. Сол күні ғимаратта 6200-ге жуық адам болған. Соңғы мәліметтер бойынша, 133 адам қаза тауып, тағы 140 адам жараланған.


Рекомендовать
Последние новости