Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына 1 трлн теңге кетеді - министр

Қаракөз Амантай 20 мар. 2024 09:59 1783

Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Жаңылмасам, барлық мемлекеттік аппараттың жалақысына 1 триллион 32 мың теңге кетеді", - деді Такиев үкіметте өткен брифингте.

Бірақ ол мемлекеттік қызметкерлердің іс сапарларына және тағы басқа қажеттіліктеріне кететін ақшаның сомасын атаған жоқ. Барлық қаржы бюджеттен төленеді.

"Мемлекеттік қызметкерлердің саны 2014 жылдан бері өзгерген жоқ. Білуімше, 89 мың мемлекеттік қызметкер болды. Олардың саны өзгермеді, сол қалпы қалды", - деп атап өтті Такиев.


Рекомендовать
Последние новости