Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банктің пайдасына қайтарып берді. Алматы прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде "Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен "AsiaCreditBank" АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері саналатын борышкердің активтері шығарылғанын анықтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жауап берушінің қарызы 15 миллиард теңгеден асады.
"Прокуратура ҚР Ұлттық банкінің мүддесіне "Ш"-ның жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді.
Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды", - деп жазылған хабарламада.
Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.
Айта кетейік, былтыр шілдеде Алмалы аудандық соты Шадиевті 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Айыптау нұсқасы бойынша Шадиев "AsiaCredit Bank" басшысы бола тұра, бұрын берілген несиелер бойынша өтімді кепілді қамтамасыз етуге ауыстырып, жалпы сомасы 16 миллиард теңгеден аса алаяқтық жасаған.