Тоқаев Көрісу күнінің мереке емес екенін айтты

Азамат Қойшығара 15 мар. 2024 15:26 2121

Бүгін Атырау қаласында өтіп жатқан үшінші Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көрісу күнінің мереке емес екенін алға тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол алдымен көпшілікті Көрісу күнімен құттықтап,қыстан аман-есен шыққан туған-туыс, ағайын бір-бірімен қауышып жатқанын атап өтті.

"Ел арасында Көрісу күні еліміздің батыс аймағына тән мереке деген түсінік бар. Бірақ бұл қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан біз тұтас ел болып, Наурыз мейрамын осы күннен, яғни Көрісу күнінен бастап тойлағанымыз жарасымды болары сөзсіз", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев биыл Ұлыстың ұлы күні қасиетті Ораза айының алғашқы күндерімен тұспа-тұс келгенін еске салды. Ұлттық Құрылтай да Әз Наурыз қарсаңында өтіп жатыр.

"Ұлыстың ұлы күні табиғат пен тұтас тіршілік жаңарады. Ал Құрылтайда қоғамдық құндылықтарды жаңғырту үшін маңызды қадамдар жасалады. Жаңару мен жаңғыру жақсылыққа жол ашады. Сондықтан Құрылтай мүшелерінің жылына бір рет алқалы жиында бас қосуы игі дәстүрге айналды", - деді Президент.


Рекомендовать
Последние новости