Көрмес, түйені де көрмес!

Dalanews 25 мая 2022 04:36 1200

Қазақстандағы барлық казинолар Қапшағай мен Бурабайға көшірілген 2007 жылы ойын бизнесі туралы Заң қабылданды. Бірақ «құмарға» деген құмарлықты адамнан ешқандай заңмен шығару мүмкін емес. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарында құқық қорғау органдарының қызметкерлері «жауып тастаған» жасырын казинолар, ойын залдары, заңсыз лотереялар және басқа да катрандар туралы жаңалықтар үнемі пайда болып жүр.


Қазір маңызды мәселе – онлайн-казино және оффшорлық букмекерлік кеңселер. Мұның бәрі органдардың шұғыл назарын талап етеді. Бірақ мәселе мынада - осы таяқ салығын төлеп отырған қазақстандық ресми букмекерлік кеңселерге де тиіп жатыр. Құмар ойынның жетегінде кетіп, азғындаған ойыншылар қылмысқа барады. Онымен күресу керек. Бірақ қазір астыртын казинолар мен заңды букмекерлік кеңселер бір қатарға ілініп отыр. Бұл қазақстандық нарықтағы ірі операторлардың наразылығын тудырды. Лицензиясы бар қазақстандық букмекерлік кеңселер ойын бизнесінің заңды жүйеге келтіргісі келеді. Қазақстандағы спорттық іс – шараларға арналған ресми болжамдар бүгінде – толық заңды және ашық бизнес. Барлық мөлшерлемелер мен төлемдер операторлар – қаржы агенттері арқылы өтеді. Қазына миллиардтаған салық алады. Фискалдық органдар операторлардың қаржылық есепке алу жүйелеріне тікелей қол жеткізе алады.

Бірақ, соған қарамастан, спорттық оқиғалардың нәтижесіне бәс тігудің айналасында саланы бақылауды қалай күшейту керектігі туралы әңгімелер азаймайды. Депутаттар мен шенеуіктер бұл салада миллиардтаған жасырынып қалған сомалар бар деп ойлайды. Сондықтан заңға бағынып отырған бизнесті жабуға тырысады.



Бірақ бұл, қазақстандықтардың оффшорлық кеңселерге ауысып, елден капиталдың сыртқа ағуын тудыруы мүмкін. Мемлекет оффшорлық операцияларға қатаң бақылау орнатса, өз кәсіпкерлері қазынаға көбірек салық әкелетін еді. Оның орнына, мемлекет заңды жұмыс істеп, толық қадағалауда отырған нарықты басып тастағысы келеді. Бірақ отандық саланы қорғау үшін ойын бизнесі туралы заңға түзетулер қабылдау қажет. Ондағы маңызды мәселелер – шетелдік заңды және жеке тұлғалардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыруға тыйым салу, онлайн казино/букмекерлерді міндетті түрде есепке алып, лицензиялау.

Офшорлық букмекерлік кеңселер мен онлайн-казинолардың Қазақстанда виртуалды болмысында бар екендігі оларды заңды тұлға ретінде ескермеуге себеп емес. Сондықтан, виртуалды ойын операторларына нақты лицензиялар қажет. Бұл жерде мәселе тек салықта ғана емес.



Егер қазақстандықтар заңды қазақстандық букмекерде бәс тігетін болса, олардың міндеттері мен құқықтары мемлекеттің қорғауында болады. Оның оффшорлық букмекерлік кеңседен айырмашылығы, жұмысына кепілдік бере алады. Оның сайты жабылып, жоғалып кетпейді. Мұндай ережелер дамыған мемлекеттердің, мысалы, Ұлыбритания, Норвегия, Швецияның заңнамаларында бұрыннан бері қабылданған.

Сондықтан Қазақстанға өз бизнесмендері мен өз азаматтарын қорғау үшін осындай дайын шешімдерді енгізудің өзі жеткілікті.

"Время" газетінен алынған. Авторы: Санжар АМИР

Рекомендовать
Последние новости