Көпбалалы отбасыларға 1 мамырдан бастап пәтер беріледі

Dalanews 19 мар. 2019 04:39 803

Үкімет басшысы Асқар Мамин көпбалалыларға баспана қашан берілетінін айтты.

Алдағы екі жылда 22 мың 500 отбасы 2 пайызбен тұрғын үй несиесін алады.

Асқар Мамин Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.

«Елбасының әлеуметтік қамқорлық шараларын іске асыру  аясында 5 жылдың ішінде жыл сайын 6 мыңға жуық көпбалалы отбасы үймен қамтамасыз етіледі. 1 мамырдан бастап пәтер бөлуді бастаймыз»,  – деді премьер-министр.

Сонымен, Президенттің тапсырмасына сәйкес, мұқтаж отбасыларға тұрғын үй несиелері Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі жүйесі арқылы беріледі.


Дереккөз: Айқын 

Рекомендовать
Последние новости