«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісу облысындағы Панфилов ауданында орналасқан республикалық маңызы бар «Көктал-Жаркент» күре жолы (306-322 шақырым) жөндеуден өткен. Бұл жол арқылы тәулігіне 3 мың көлік қатынайды.
Жөндеу жұмыстары аясында:
• асфальтбетон жабынының екі қабаты төселді;
• жол бойында жаңа жол белгілері орнатылды;
• 314-шақырымда қосымша жаңа демалыс алаңы жабдықталды;
• су ағынын қауіпсіз өткізу үшін үш су өткізгіш құбыры орнатылды;
• жол таңба сызығы жаңартылды.