Көлік министрі «Қорғас» құрғақ портына барды

Dalanews 11 сент. 2023 06:10 1429

ҚР Көлік министрі Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Алматы – Қорғас» автожолын аралап, Орталық Азиядағы ең ірі «Қорғас» құрғақ портының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР КМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы KTZE-Khorgos Gateway транзиттік хабына, Алтынкөл жүк станциясына және «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан басқа да көлік инфрақұрылымы объектілеріне барды.

2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша құрылған «Қорғас» құрғақ портының жалпы ауданы 129,4 гектарды құрайды. Ол контейнерлерді, жабық вагондарды және жабдықтарды 1435 мм калибрден 1520 мм калибрлі вагондарға тиеу, түсіру, қайта тиеу және теміржол терминалының рөлін атқарады.

Өз кезегенде Алтынкөл шекаралық жүк станциясы Қытайдан Еуропаға, Орталық Азия, Кавказ және Парсы шығанағы елдеріне жүк ағыны бойынша қызмет көрсетеді. Ол «Жетіген – Мемлекеттік шекара» учаскесінде орналасқан және поездарды қабылдау, оларды жөнелту, жүктер мен контейнерлерді ҚХР вагондарынан отандық вагондарға ауыстыру, сондай-ақ жолаушылар поездарын қабылдау-жөнелту және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді көрсетеді. Станцияның өткізу қабілеті 18 жұп пойыз.


Тасымалдау жөніндегі жұмыстардың барлық кешенін орындау үшін станцияда контейнерлік терминал, «Кедентранссервис» АҚ-ға тиесілі ірі габаритті және контейнерлік буып-түю жүктерінің қайта тиеу терминалдары, сондай-ақ EUROTRANSIT-КТС ЖШС қайта тиеу терминалы бар.

Жұмыс сапары шеңберінде министрлік басшысы Шамалған станциясын айналып өту және «Сарыөзек – Көктал» автожолындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.

Рекомендовать
Последние новости