Керекуде жасалған тігіссіз құбырлар Ресей нарығына шығуда

Dalanews 18 окт. 2018 06:16 768

Күні кеше Керекудегі отандық экспорттаушы «KSP Steel»ЖШС Ресей Федерациясына тігіссіз құбырлардың кезекті топтамасын 1500 тонна көлемінде 93,3 млн ресейрублі сомасына экспортқа жөнелтті.

Айта кетелік, «KSP Steel» ЖШС – мұнай-газ саласы үшін болаттан жасалатын тігіссіз құбырларды өндіру жөніндегі алғашқы қазақстандық кәсіпорын.

Ішкі нарыққа жеткізуден басқа компания өнімдерін таяу және алыс шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа, Ресейге, Өзбекстан мен Белоруссияға экспорттайды.


«Бірінші жартыжылдық ішінде өткізілген өнімдер экспорты 2017 жылмен салыстырғанда 19 %-ға өсті», - деп атап өтілді компанияда.  

5 мыңға жуық адам еңбек ететін «KSP Steel»-дің ерекшелігі толық технологиялық циклы болып табылады.

 



Болаттан жасалатын тігіссіз құбырларды өндіру жөніндегі зауыттан басқа мұнда шарлар, арматуралар, сымдар және ферроқорытпалар өндірісі жолға қойылған.

Үстіміздегі жылдың шілдесінде зауыт API лицензиясын растады (американың мұнай институты әзірлеген стандарт технологияға және өндірілетін құбыр мен муфталарға жоғары талап қояды), сөйтіп кезекті рет өз сапасын, сенімділігін және тұрақтылығын растады.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың наурызында «KazakhExport» пен «Альфа-Банк» ЕБ АҚ қазақстандық экспорттаушы «KSP Steel» ЖШС-не 450 млн ресей рублі сомасына экспорттық сауданы қаржыландыру схемасы бойынша қолдау жөніндегі алғашқы мәміле жасасты


Экспорттық сауданы қаржыландыру – «KazakhExport»-тың шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыру құралы, қазақстандық тауарларды сатып алуы үшін шетел компанияларына Қазақстан Республикасының банктері арқылы беріледі.

 

Dalanews.kz анықтамасы: 


Картинки по запросу KazakhExport экспорт

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің өсімін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржы-сақтандырумен және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

 

Рекомендовать
Последние новости