Түлкібаста сүт өндірісі қарқынды дамып келеді

Dalanews 13 нояб. 2018 05:28 1496

Бүгінде Түркістан облысы бойынша жылына 130 тонна сүт өнімін өндіруге қуатты 40-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай кәсіпорындардың бірі Түлкібас ауданындағы Майлыкент сүт өңдеу цехы. Ауданда бұдан да өзге мекемелерді іске қосылу жоспарланған. Қазір Ақбиік ауылында сүт өңдеу цехы іске қосылуға дайын.
Түлкібаста көңіл қуантарлық тірліктер көп-ақ. Таяу арада ауданда отандық инвесторлардың қолдауымен құны 2,5 милиард теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге аспақ. Аудан халқын экологиялық таза табиғи өніммен қамтамасыз ету мақсатында Ақбиік ауылында тәулігіне 5 тонна сүт өндіретін кәсіпорын іске қосылады. Жұрт көңілінен шыққан жобаның жалпы құны 236 миллион теңгені құрайды.
– Отандық өнім есесін арттыру мақсатында ауданда 4 сүт өндіретін фермалар жұмыс атқарады. Солардың бірі Майлыкент серіктестігі. Үш ауылдық кооперативтар құрылған. Әрқайсысының үйінде 2-3 сиырдан бар. Күндігіне 5 тонна сүт сауылады. Сол сүтті Майлыкент сүт зауытына әкеліп өткізеді, – дейді Түлкібас аудандық ауыл шаруашылығы және кадастрлық бөлімінің басшысы Мұстафа Желдібаев.
Қазір Түлкібас ауданында сүтті мал шаруашылығы дамып келеді. Өндіріске қажетті сүт алыстан емес ауыл маңындағы фермерлер мен жеке малшылардан қабылданады. Соның арқасында бұл аймақта шикізат тапшылығы жоқ. Азаттық елді мекеніндегі «Майлыкент Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күніне 5 тонна сүт өнімдерін өңдеуге қауқарлы.
– Бес жылдан бері үздіксіз өнім шығарып келеміз. Сол уақыттан бері біздің өнім жоғары сұранысқа ие. Біздің халыққа зертхананың керегі жоқ. Қазір тұтынушыларымыздың талғамы жоғары, сырттан келіп жатқан өнімдерді көріп отыр. Соның ішінде отандық өнімге өздерінің тоқтамдарын жасап қойған, – деп білікті маман Нағира Тәукебаева ойын ашып айтты.
Ашылғанына 5 жыл болған Майлыкент сүт зауытында қазір 50- ден астам жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Бүгінде кәсіпорында табиғи сапалы өнімнің 12 түрі шығарып, өндірілген өнім бүкіл өңірге таратып отыр. Алдағы ауқытта сүт өнімдерін облыстан бөлек Қазақстанның өзге аймақтарына шығару жоспарлануда.

Рекомендовать
Последние новости