Түркістандық оқушылар – «Абайтану» музейінде қонақта

Dalanews 05 нояб. 2018 05:05 908

Оқушылардың күзгі каникулын танымдық іс-әрекетпен қызықты өткізсек деген мақсатпен Түркістан қаласындағы № 21 жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақсыгүл Сүлейменова өзі ұйымдастырған «Абай әлемі» клубының 8-10 сыныпта оқитын бір топ мүшелерін Алматы қаласына бастап келді.

Алматымен алғашқы таныстықты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Абайтану» музей-кабинетін аралаумен бастады.

«Абайтану» музей-кабинетімен оқушыларды университеттегі «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет таныстырып, оқушыларға Абай мұрасының танымдық қыры мен сырына тоқталып Хәкім Абай даналығымен сусындатты. Білуге, білімге құштар түркістандық жас өрендерге орталық директоры Ж.Шойынбет атақты абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының университеттің «Ұлағат» баспасынан шыққан «Абай лұғаты» кітабын сыйға тартса, топ жетекшісі Ж.Сүлейменова мектептеріндегі Абайға арнайы арнаған «Шамшырақ» қолжазба газеті мен төс белгісін сыйлады.

Абай аталарының даналығына қаныға түскен білім мен өнер қуған оқушылар Алматы қаласындағы Ұлт-аспаптар мұражайына бет алды...

Рекомендовать
Последние новости