«KazakhExport» Ақтөбе ет комбинатына қолдау көрсетті

Dalanews 26 нояб. 2018 06:00 956

Ақтөбеде «АқТеп» (Ақтөбе ет кластері) деп аталатын комбинат бар. Ет кластерін құруда мемлекет сенім артып отырған кәсіпорынның бірі.


  Бір мезгілде 11 мың ірі қараны бордақылайтын әлуеті бар бүгінде. Әзір жылына 7000 мың тоннадан асып жығылатын ет өңдейді екен. Соңғы жылдары «АқТептегі» өнім өндіру көлемі өсуде. Басшылық басымдық беріп отырған бағыттың бірі – комбинаттағы еңбек өнімділігін 45 пайызға арттыру.

«АқТептің» айналасына топтасқан ірілі-ұсақты шаруақожалықтар комбинаттың осы межеге жетуіне қол ұшын созбақ. Комбинат пен шаруақожалықтар арасында қос тарапқа да тиімді байланыс орнаған. Соның есебінен шаруасын ширатып жатқандар көп. «Ақтептің» қанатының астына өткен олар жыл он екі ай дамылсыз жұмыс істейді.

Комбинаттың төңірегіне бүгінгі таңда 400-ге жуық шаруашылық топтасыпты.


Кәсіпорын болса қожалықтардың өнімін жоғары бағамен қабыл­дауда. Тұрақты тұтынушысы бар шаруа да алысқа жүгірмесі анық мұндайда. Әрі алыпсатарға да алданбайды.

«Ақтеп» қожалықтардың асыл тұқымды мал басын өсіруі мен кө­бейтуіне де демеушілік жасап отыр.  «Қожалықтар осы орадан абердин-ангус атты асыл тұқымды малдың бұқасын жал­ға алады. Ал бұл тұқымнан туған төл бір жылға жетер-жетпес уақытта 350-400 келі салмақ жинайды», – дейді комбинат басшылығы.  

«АқТеп» комбинаты әзір мал бордақылаудың тиімді әрі заманауи тәсілдеріне көшкен. Басшылық асыл тұқымды репродукторлардың қуатын көтеруге басымдық беріп отыр. Мұның мөлшері – 6200 ірі қараға тең екен.

Былайша айтқанда, сан мен сапаға қатар көңіл бөлуде бұл комбинат.

«АқТеп» ЖШС-нің басшысы Нұрлан Сағыналиннің айтуынша мұндағы жұмысшылардың жалақысы да тәуір.

– Әр сиырға 800 теңге, әр бұзауға 400 теңге төлеу есебі­нен құрдық бұл жүйені. Орташа есеппен алған­да фермерлердің айлығы 300-350 мың айналасында шығады.


Тілін таба білген адамға жұмыстың түк қиындығы жоқ. Себебі, комбинаттың барлық цехтары түгелдей автоматтандырылған. Ірі қараның қоңдысы мен күйсізін де заманауи техниканың арқасында сұрыптап отырамыз.

Комбинаттағы ірі қараның әрбіріне қатысты қажетті мәлімет базасы бар бұған қоса. Оны қойып комбинаттағы цифрлы технологиялар арқылы аналық сиырлар шағылысқа әзір ме, жоқ па, сойылатын мал бір тәулікте қанша салмақ қосты деген сауалға анық-қанық мәлімет ала аласыз, – дейді ол.

Сіз білесіз бе? 


Кәсіпорын 2015 жылдың 11 желтоқсанында ашылды. Ақтөбе ет кластері комбинатын тікелей эфир барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосты. 


 

«KazakhExport» қол ұшын созды 


Картинки по запросу KazakhExport экспортКүні кеше «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы»  – «АқТеп» ЖШС-не қолдау көрсетті.

Жобаны қаржыландыру «Агроэкспорт» кредиттеу бағдарламасы шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша жүргізілді.

Өндіруші компания бордақылау алаңы үшін 18 000 бас ірі қара сатып алуға 2 970 000 000 теңге сомаға қаржыландырылды, бұл Ресей Федерациясына экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қарызды сақтандыруды «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қамтамасыз етеді.


 

«KazakhExport»-тың атап өткеніндей осы қарызды сақтандыру мәмілесінің мәні  кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз және/немесе кредитор мәміле бойынша тәуекелді толық көлемінде өзіне қабылдауға дайын болмаған жағдайда, «KazakhExport»-тың сақтандыру өтелімінің берілуімен түсіндіріледі. 

Нәтижесінде қазақстандық экспорттаушы жетпей тұрған кепілдік қамтамасыз етуді (90%-ға дейін) қаржыландыру сомасынан алады, сондай-ақ өз өнімінің экспорты көлемін ұлғайту мүмкіндігіне ие болады.

Естеріңізге сала кетсек, маусым айында «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ сақтандыру қорғанысымен бордақылау алаңдары бойынша өтінімдерді қарау және қаржыландыру жөніндегі бірлескен регламентке қол қойды.


KazakhExport пен Аграрлық несие корпорациясының ынтымақтастығы ет өндіретін мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін ұлғайтуға септігін тигізетін болады.

       «Ет экспортын қолдау – KazakhExport-тың басым бағыттарының бірі. Ет тоннасын экспорттау бірнеше тонна азық өндіруге, ауылшаруашылық техникасына сұранысқа және өңірлерде жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді. Нәтижесінде экономиканы әртараптандыруға алып келеді», - дейді компанияның басқарма басшысы Руслан Искаков.

 

«Қала мен Дала» анықтамасы:


«АқТеп» ЖШС өндіріс кәсіпорны ірі қараны бордақылау алаңын, етті қайта өңдеу комбинатын, экспорттық компанияны қамтиды. Бұл – заманауи технологиялары бар экологиялық таза ет өнімдерін өндіретін кәсіпорын.  Компания: мал өсіруден, құрама жем шығарудан, бордақылаудан, етті қайта өңдеуден бастап нақты тұтынушының тапсырысы бойынша дайын өнімді тиеп-жөнелтуге дейінгі қайта өңдеудің бүкіл процесстерін өз бетінше жүзеге асырады.  Кәсіпорында дайындалатын барлық өнімдер «Халал» стандарттарына сай келеді.

... 

 «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) миссиясы – экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің өсімін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржы-сақтандырумен және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

Экспорттаушылар www.keg.kz сайтына кіріп «Экспорттаушының біріңғай терезесі» арқылы сақтандыруға өтініш бере алады.

Рекомендовать
Последние новости