Келестіктер Түркістанда 9 мың түп тал екті

Dalanews 11 июн. 2021 11:25 666

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай, шаһар 32 секторға бөлініп, аудандар мен облыстық басқармалар жауапты ретінде белгіленген болатын. Осыған байланысты Келес ауданы өзіне тиесілі 16-секторда көгалдандыру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, сектор аумағына 12 көше кіреді. Жалпы ұзындығы – 9 шақырымға жуық. Бекітілген аймаққа 8 800 түп ағаш отырғызылды.

Жасыл желекті күтіп, баптау үшін мамандар тартылып, суару жүйесі жүргізілді. Төрт су ұңғымасы мен 2 трансформатор орнатылды. Тамшылатып суару жүйесі, 8,7 шақырымға полиэтилен құбыры жүргізілген. Автомобиль жолдарынан су жүйесін көлденең бұрғылап өту тәсілі қарастырылған. 12000 м3 топырақ төселген. Желден қорғау үшін әр тал жіппен қоршалған. 6000 м2 алаңға газон егу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қаласын көркейту, көгалдандыру бойынша 2020-2021 жылдарға арналған Келес ауданының жұмыстарының жоспарына сәйкес, күнделікті №16 секторда санитарлық тазалық, ағаш суғару, жұмыстарына 5 техника 48 адам тұрақты жұмыс атқарып келеді.

Рекомендовать
Последние новости