Келестегі үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тапты ма?

Dalanews 11 окт. 2018 11:04 734

Келес ауданындағы білім беру ордаларының санын көбейту аудандағы адам саны артып, мектепке баратын бала саны өскен сайын өзектілігі арта түсуде.

Аудан әкімі Ақментай Есбаевтың дерегіне қарағанда, қазір Келесте 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр.  Бұлардың біреуі алдағы айда пайдалануға беріледі. Қалған екі мектептің құрылысы келесі жылы аяқталуы тиіс.

– Мінекей, осылайша ауданымыздағы үш ауысымда оқыту мәселесін біржолата шешетін боламыз, Неге десеңіздер, Келестегі туу көрсеткіші жыл сайын артып келе жатыр. Демек, келешекте қазіргі білім ордаларының өзі аздық етуі мүмкін.  Ауданымызда осындай құрылысты қажет ететін мектептердің саны қазірдің өзінде 18-ді құрап отыр, – дейді аудан басшысы.

Айта кетелік Білім күні қарсаңында Келес ауданында 200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілген болатын. 


Ошақты ауылдық округіне қарасты Қаратал елді мекеніндегі білім ұясының ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі А.Есбаев қатысып, барлық ата-аналар мен мұғалімдерді, ең бастысы – оқушыларды айтулы оқиғамен құттықтап, оқу ордасының лентасын қиған еді. 

Құрылысы 2017 жылдың тамыз айында басталған білім ұясының құрылыс жұмыстарын «Лидер-НК» ЖШС-гі жүргізіп, сапалы әрі сәнді етіп аяқтап отыр. Мектеп ғимараты толықтай заманауи үлгіде салынып, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілген.

ТҰЗДЫҚ


Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі:

– Сарығаш және Келес аудандарында жылдың соңына дейін 19 мектепке капремонт жүргіземіз. 15 мектеп ашылады. Облыс бойынша жылдың соңына дейін біз 40 мектеп ашамыз. Келер жылы тағы 50-60 мектеп жоспарлап отырмыз.


 

Рекомендовать
Последние новости