Құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

Dalanews 24 окт. 2018 11:25 950

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Үсіпәлиев Тоқтар Оразұлы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды

Тоқтар Оразұлы Үсіпәлиев 1972 жылы 22 қазанда Шымкент облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында дүниеге келген. 1990-1996 жылдары Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында құрылыстағы экономика және басқару мамандығы бойынша инженер-экономист, 2003-2006 жылдары Орталық Азия университетінде газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану мамандығы бойынша инженер біліктілігін алып шыққан.

Еңбек жолын 1997 жылы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалау бойынша инспекторы болып бастаған. 1998-1999 жылдары Қалалық жобалау өндірістік басқармасының басшысы, 1999-2000 жылдары Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының жарнама бойынша инженері, 2000-2002 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің экономикалық талдау және жоспарлау басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2002-2003 жылдары ҚР Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының бөлім басшысы, 2010-2012 жылдары «Еуразиялық су орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі АҚ бас инженері, 2012-2013 жылдары Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз СЭС-1″ ЖШС тексеру комиссиясының мүшесі, 2013-2014 жылдары«КазМТО Групп» ЖШС директордың орынбасары, 2014-2016 жылдары «Тау-Кен Самурык» Ұлттық Тау-кен компаниясы» АҚ Ұйымдастыруды қамтамасыз ету департаментінің директоры, 2016-2018 жылдары Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости