Кедейшілікпен күрес өзекті мәселе

Dalanews 29 сент. 2023 05:26 2093

   Дүниежүзілік банктің есептеуінше, әлемдегі халықтың жартысына жуығы негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыра алмай отыр.

БҰҰ-ның "тұрақты даму мақсаттары"концепциясының 1 бөлімі кедейлікті жою екені бәрімізге мәлім.Демек,әлемде белең алған,өзекті мәселенің бірі-кедейшілік.

Кедейшілік-материалдық дүние мен қаражаттың белгілі бір деңгейіне ие болмау жағдайын білдіреді.  Адамның таза су, тамақ, санитарлық қызмет, білім, киім-кешек, баспана сияқты бастапқы қажеттіліктерге қолжетімсіздігі абсолюттік кедейшілік деп аталады. Әлемде 1,7 млрд-қа жуық адам абсолюттік кедейшілікте өмір сүреді. 800 млн-нан астам адам аштық пен тамақ тапшылығы қысымына ұшырап отыр. Кедейшілік – қоғамдағы жағымсыз құбылыс. Бұл құбылысқа адамзат қоғамында орын болмауы керек.

Кедейшілік Африка мен Азияның кедей елдерінде артуымен қатар, әлемнің дамыған елдерінің көбі де кедейшілік мәселесіне ұрынып отыр. АҚШ-та 7 адамның бірі кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүреді. Бұған керісінше, әлемдегі ең бай 85 адамның 3,5 млрд кедей көлемінде байлығы бар. Әлем тұрғындарының 20 пайызы  қазіргі таңда күніне 1,25 доллар табыспен өмір сүреді. Дүниежүзілік банктің жаңа мақсаттарына сәйкес олардың саны 2030 жылға дейін 3 пайызға төмендеуі тиіс.

Елімізді кедейшіліктен құтқару мақсатында мемлекет басшысы үкіметке халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Ұлттық экономика министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі,  энергетика, сауда және интеграция, экология министрлігі бірлесіп  «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасын әзірледі. Экономикалық өсу халықтың әл-ауқатын көтеру үшін негіз жасайды, бірақ, әлеуметтік проблемаларды шешу үшін мынадый шараларды қолдану қажет:

-табыстар саласында ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, олардың бастапқы негізі маңызды өмірлік қажеттіліктер мен қызметтердің әлеуметтік қажетті деңгейін көрсететін ең төменгі тұтыну бюджеті болуы керек,;

-сала аралық және сала ішілік деңгейде, мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасында, сондай-ақ, кәсіп­орын ішінде жұмыс күшін қайта қалпына келтіру үшін бірдей жағдайлар жасау (еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері рөлін күшейту, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі, орта және ең жоғары деңгейлері арасындағы арақатынасты реттеу, салық салу жүйесін жетілдіру;

-республикада орта таптың қалыптасуы жөніндегі саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру. Осы мақсатта халықтың табыстарын түбегейлі көтерумен бірге жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау, білім беру технологияларын дамыту, жинақ ақшаның, меншіктің қорғалуына кепілдікті күшейту және т.б. жөніндегі шаралар қажет;

-ауылдағы еңбекпен қамтылу құры­лымының индустриялық еңбектің үлесін ұлғайту жағына қарай оңтайландыру қажет деген ұсыныстар айтылды.

2023 жылы 1 шілдеден бастап кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болмақ.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 19 мамырдағы «Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы» бұйрықты бекітті. 2023 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге. Сәйкесінше, кедейлік шегі 28 397 теңге болады.Осылайша, бұл көрсеткіш қазіргі уақытта қолданыстағымен салыстырғанда өзгермейді.Бірақ 2025 жылы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі орташа табыстың 50% мөлшерінде айқындалады.Кедейшілікпен күрес-әмбебап жолы көп болғанмен шешімін табу қиын өзекті мәселе.Ел болып кедейшіліктен құтылудың,тығырықтан шығудың жолын тапқанымыз дұрыс деп есептеймін.Ел біріксе алынбайтын қамал жоқ.

Тілепбергенов О.Н.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға-оқытушысы,заң ғылымдарының кандидаты


Ел-тұтқа студенттер клубының жетекшісі


 

 

Рекомендовать
Последние новости