Каспий маңы бассейніндегі сегіз учаске мемлекет меншігіне қайтарылды

Кәмшат Тілеухан 03 дек. 2024 16:03 993

Бүгінгі Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов келісімшарт бойынша міндеттемелер орындалмай, жұмыс жүргізілмей жатқан Каспий маңы бассейніндегі учаскелерді мемлекетке қайтару мәселесін көтерді, деп жазады Dalanews.kz.

Бұл мәселеге қатысты Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов есеп берді.

"2023-2024 жылдары Каспий маңы бассейнінде осындай сегіз учаске анықталды. Аталған сегіз келісімшарт бүгіндері тоқтатылды. 2024 жылы төрт учаске аукционға қойылды, олар бойынша жыл соңына дейін келісімшартқа отыру жоспарлануда. Қалған төрт учаске келесі жылы аукционға шығарылады немесе олар бойынша тікелей келісімге отыруға тырысамыз", – деді ол.

Энергетика министрлігіне аталған жұмысты жеделдету тапсырылды.

"2024 жылы екі электрондық аукцион өткізіліп, 15 учаске сатылды. Қол жеткізілген келісімдердің соңғы сомасы 32,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде 9,1 млрд теңгесі бүгіндері бюджетке түсіп тұр. Геологиялық барлауға жұмсалған инвестиция көлемі - 82,5 млн доллар", - деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін аталған Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев соңғы 30 жылда Қазақстанда темір, марганец, алтын, уран, мұнай және газ қорларының өсуі байқалатынын айтқанын жазғанбыз


Рекомендовать
Последние новости