Теңге тағы құнсызданып жатыр. Сарапшылар не дейді

Кәмшат Тілеухан 02 дек. 2024 13:00 972

KASE-де теңге бағамы тағы құлдырады. 2 қарашада елордалық кейбір ақша айырбас орындарында 1 АҚШ доллары 526 теңгеден, Алматыда 523 теңгеден сатыла бастады. Мұның себебін Dalanews.kz біліп-көруге тырысты.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары теңгенің қайта әлсіреуіне Ұлттық банктің интервенция жүргізуді доғарғаны жайлы мәлімдемесі түрткі болуы мүмкін екенін айтады.

"Соңғы екі аптада 500+ деңгейін сақтау үшін қор биржасында 1 млрд доллар сатқан Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуді доғаратындарын және жақын күндерге мұндай шараның жоспарланып отырмағанын мәлімдеген болатын. Бұл жолғы өсімге соның қатысы бар секілді. Жалпы, валюта нарығында теңгерімсіздіктің туындағанына көп болған, ал ақша бағамына қатысты жаңа құбылыс соның айғағы бола алады", - дейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы.

 

Бүгін , 2 желтоқсанда Ұлттық банк қараша айының қорытындысын жариялады. Міне, соның барысында өздерінің желтоқсан айында да бұл шараны жүзеге асыратындарын ашып айтып, қарашаны сабырға шақырғандай болды:

"Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша республикалық бюджетке трансферт бөлуге 2024 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 800 млн-нан 900 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді".

Дегенмен Ұлттық банк бұл ретте тек осы бір ғана жоспарын айтады. Ал бұл алдыңғы айдағы валюталық интервенцияға жұмсалған көлемнен әлдеқайда аз. Оның үстіне Ұлттық банк қарашадағыдай желтоқсан айында БЖЗҚ үшін валюта сатып алу жоспарланбағанын атап көрсетеді. Сол секілді қарашада "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-ның акцияларын сатып алу бойынша мәмілені шығару аясында валюта сату аяқталды. Осы жағынан алғанда, Ұлттық банк қор биржасындағы шетел валютасы сауда-саттығына желтоқсанда араласқанымен, қараша айындағыдай қарқында әрекет алмайды. Бұл да алдағы теңге бағамына қатысты біраз нәрсені аңғарта алса керек...

Айта кетсек, бүгін - 2 желтоқсанда Ұлттық банк қараша айынының қорытындысын жариялап, теңге бағамы 5%-ға әлсіреп, 1 АҚШ доллары 512,52 теңгеге дейін барғанын жеткізді. Ұлттық банктің мәліметінше, қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады.


Рекомендовать
Последние новости