"Канделакидің соңынан кет...". Қазақтарға тіл тигізген бапкер "қара тізімге" кіреді

Азамат Қойшығара 02 февр. 2024 14:10 8723


Кеше ресейлік футбол бапкерінің қазақстандық төрешіге тіл тигізіп, балағаттағаны қоғамда қызу талқыланған болатын, деп хабарлайды Dalanews.kz


Енді оған Қазақстанға кіруге тыйым салынуы мүмкін. 


Айта кетейік, бұл оқиға SD Family әуесқой командасы мен ресейлік 2Drots клубы арасындағы Media Football League матчында орын алған еді.


2Drots командасының жаттықтырушысы Дмитрий Кузнецов төрешілердің бірін «Чукча» деп атап, қазақ ұлтын келеке қылған. 



Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Кузнецовты Қазақстанға кіруге тыйым салуға шақырып, «Егер ресейлік бапкерді осылай қорлаған болса, Кеосян, Симонян, Канделаки және басқа да орыс халқының қорғаушылары русофобтарды жерден алып, көрге тығар еді» деп атап өтті.




Рекомендовать
Последние новости