Жеке меншік қолға өтіп кеткен халі мүшкіл аурухана мемлекетке қайтарылды

Сағыныш Сардарова 02 февр. 2024 15:02 2960


Алматыда жекеменшікте болған аурухана мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Liter.kz мәліметінше, аурухана жекеменшікке өткенге дейін пульмонология және аллергология саласында жетекші мекеме болған. 900-ден аса медициналық қызметкерлері болған, оның ішінде республиканың осы бейіндегі жетекші мамандары да болған.


2019 жылы аурухана "Smart Health University City" ЖШС-не өткен. Біраз уақыттан кейін аурухана қызметкелері жалақы кешігіп беріліп жүргенін айтып, шағымдана бастаған.


Сондықтан депутаттар денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа үндеу жасаған болатын. Олардың сөзінше, аурухана жекеменшікке өтіп кеткеннен кейін медициналық қызметкерлері саны екі есе азайып кеткен. Көп бөлімшеде дәрілер тапшы болған. Қарапайым физқоспа, система да жетіспеген. Сондықтан депутаттар аурухананы жекеменшіктен алып, мемлекетке қайтаруды сұраған.


Министр Ажар Ғиният ауруханада тексеріс жүргізілгенін, оның нәтижесі бойынша мекеме мемлекетке қайтарылатынын айтқан.


Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қаулысымен сенімгерлікпен басқару шартын бұзу туралы талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.



Рекомендовать
Последние новости