Тағы бір қазақ футболшысы команда ауыстырды, тағы да Түркияға

Сағыныш Сардарова 02 февр. 2024 15:43 3054


Абат Айымбетов түркиялық "Адана Демирспор" командасымен арада келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

28 жастағы ойыншы мен клуб арасындағы келісімшарт 2025 жылғы жазға дейін жасалған. Алайда әрі қарай келісімшарт созылуы да мүмкін. Осылайша енді ол түрік Жоғары лигасында ойнайды.


Айымбетов - Ақтөбе футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Ол "Ақтөбе","Қайрат" және "Астана" футбол клубтарының намысын қорғады. Ал "Адана Демирспор" Түркия Суперлигасының биылғы маусымында 31 ұпаймен 8-орында келе жатыр.


Айта кетейік, бұған дейін де түркиялық "Бешикташ" қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновпен келісімге келді. Ал оған дейін Зайнутдинов мәскеулікпен ЦСКА-мен 2025 жылға дейін келісімшартқа отырған еді. Мәскеулік клубқа ол 2023 жылы "Ростовтан" 2 миллионға өткен. 


Ал елімізде футболдың жай-күйі жиі сөз болып, күлкіге қалады. Жуырда ғана Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса да мемлекет деңгейінде елдегі футболдың жағдайын сынға алды.



"30 жыл ішінде біздің елімізде тек 1 стадион салынды, алайда ол халықаралық/еуропалық стандартқа сәйкес келмейді. Осы саладағы бюджеті екі есе аз көршілес Өзбекстанда 10-ға жуық стадион салынды және олардың барлығы Еуро стандарттарына сәйкес келеді. Неліктен мұндай жайт болып жатыр?" - деген еді ол.



 



Рекомендовать
Последние новости