Кәмелеттік жасқа толмағандар автобуста тегін жүреді

Dalanews 03 мар. 2020 04:52 1014

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрғын үй кезегінде тұрған балалар үйінің түлектерімен кездесті. Әкімнің жеке қабылдауында әр адам өзін толғандырған мәселесін айтты.

Тұрғын үй мәселелерін, қосымша білім мен медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу, біліктілікті арттыру мәселелері талқыланды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс әр бағыт бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.

[quads id=1]

Қала әкімі мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есе артатынын айтты.

Кездесуде қала тұрғындары әкімге әлеуметтік шараларды қолдағаны үшін алғысын білдірді.

28 наурыздан бастап барлық кәмелеттік жасқа толмағандар үшін жол жүру тегін болады. «Біздің отбасымызда балалар бар. Мектепке, үйірмелерге бару қажет. Шара қаражатты үнемдеуге септігін тигізеді» деді кездесушілер.


Елорда әкімі және әкімнің орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан әкімдері азаматтарды тұрақты түрде қабылдайды.

Қабылдаулар «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында өтеді. Сұрақтардың басым бөлігі шешілді, қалғандары бақылауға алынды.



Рекомендовать
Последние новости