Қытайда қамалғандар 9 фабрикада жұмыс істеген

Dalanews 03 мар. 2020 04:04 1105

Қытай билігі «кәсіпке үйрету орталығы» деп аталған орындарда күшпен қамалып отырған жүздеген мұсылманды белгілі брендтердің өнімдерін фабрикаларда өндіру үшін мәжбүрлеп жұмыс істеткені мәлім болды. Бұл туралы Австралиядағы стратегиялық саясат институтының (ASPI) баяндамасында жазылған.

Авторлор қытай үкіметінің құжаттарына және басылымдардағы ақпараттарға сүйене отырып, Шынжаң-Ұйғыр автоном ауданының билігі лагердегі адамдарды цехтарда істеуге мәжбүрлеп жатқанын жазған. Олардың сөзінше, жалпы 80 мыңнан астам ұйғыр кемінде 9 фабрикада істейді.

[quads id=1]

Аталған фабрикалар Apple, BMW, Nike, Samsung, Sony, Volkswagen және өзге де танымал брендердің құрал-жабдықтарын шығарған. Reuters агенттігі қазір бітқатар компаниялардың бұл ақпаратты тексеріп жатқанын жазды.


Дүйсенбі күні Қытайдың сыртқы істер министрлігі баяндамадағы мәліметтерді теріске шығарып, авторлардың мақсаты – Бейжің тарабынан жасалынып жатқан «антитеррористік шараларды» жаманатты ету деп мәлімдеді.

Қытай билігі Шыңжаң аймағындағы ислам дінін ұстанатын аз ұлт өкілдері ұсталып отырған жайларды кәсіп үйрету орталығы деп атап келеді.

Рекомендовать
Последние новости