Жұмысшы мамандықтар жылы: Тағы бірнеше құрмет атағы белгіленді

Кәмшат Тілеухан 30 дек. 2024 12:29 1593

Атап айтқанда, ғалымдар мен өнертапқыштарға, инженерлерге, сәулетшілерге және құрылысшыларға, кеншілер мен шахтерлерге, геологтарға, өнеркәсіп, көлік, ауыл және су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне берілетін құрметті атақтар қосылды, деп жазады Dalanews.kz.

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің айтуынша, қажырлы еңбектің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді және еңбек адамының беделін одан әрі көтеруге септігін тигізеді.

"Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөздерінде еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу қажеттігі туралы үнемі айтып жүр. Елімізде жұмысшы мамандықтарының мәртебесі біртіндеп артып келеді. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өсіп жатыр. Өндіріс озаттары мен еңбек династияларының өкілдеріне тұрақты түрде мемлекеттік наградалар беріледі. Кәсіби мерекелер кеңінен аталып өтілетін болды. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қойды. Енді мемлекеттік наградалар жүйесіне (бұрыннан бар 6 құрметті атаққа) 9 жаңа құрметті атақ енгізілді" деп жазды Ерлан Қарин Telegram-дағы арнасында.

Атап айтқанда, ғалымдар мен өнертапқыштарға, инженерлерге, сәулетшілерге және құрылысшыларға, кеншілер мен шахтерлерге, геологтарға, өнеркәсіп, көлік, ауыл және су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне берілетін құрметті атақтар қосылды.

"Қажырлы еңбектің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді және еңбек адамының беделін одан әрі көтеруге септігін тигізеді. Бұл заңға Мемлекет басшысы "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялаған жаңа 2025 жылдың қарсаңында қол қойылуының символдық мәні бар" делінген жазбада.

Айта кетсек, 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланғаны белгілі болды.


Рекомендовать
Последние новости