Елімізде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды

Кәмшат Тілеухан 27 жел. 2024 11:16 503

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды, деп жазады Dalanews.kz.

Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы Президент Жарлығы мәтінін Ақорданың баспасөз қызметі, бүгін, 27 желтоқсанда жариялады.

"Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", делінген Жарлықта.

Бұған дейін Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім ауыр жарақат алғанын жазғанбыз. Бұл ретте Еңбек кодексін өрескел бұзу бабы бойынша бірқатар лауазымды тұлғаға жазаға тартылып, қызметінен де айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар