2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 9,9 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3 пайызға жоғары, деп хабарлайды dalanews.kz.
Статистикаға сәйкес, аталған кезеңде Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 2,7 млрд долларды құраса, импорт көлемі 7,2 млрд долларға жеткен.
Сауда серіктестері арасында Ресейдің үлесі басым болып отыр — жалпы тауар айналымының 87,6 пайызы осы елге тиесілі. Ал Қырғызстанның үлесі 8 пайызды, Беларусьтің үлесі 4,1 пайызды құрады. Армениямен сауда көлемі жалпы көрсеткіштің 0,3 пайызына тең болды.
Осылайша, ЕАЭО кеңістігіндегі экономикалық байланыстар нығайып, Қазақстанның одақ елдерімен сауда-саттық қарқыны сақталып отыр.