Қараша айында бизнеске қарағанда жеке тұлғалар әлдеқайда көп несие алған

Кәмшат Тілеухан 27 дек. 2024 14:19 525

Қарашада берілген несиенің жалпы сомасы 18% өсіп, 1,6 трлн теңгеге дейін жетті. Әрине, өсім мөлшері онша емес, дегенмен бір ай бұрын бұл көрсеткіш, тіпті 6%-ға азайған еді. Бұл ретте динамикадағы негізгі тізгінге кепілсіз тұтынушылық несиелер ие. Аталған сегментте берілген несиелердің көлемі 998 млрд теңгені құрайды, деп жазады Dalanews.kz.

"Ипотекалық несиенің жай-күйі бәз-баяғыша, өте жақсы. Қазан айымен салыстырғанда несие беру көлемі 11% өсіп, 245 млрд теңгеге жетті. Дегенмен, рәсімделген несие саны қатты өсе қоймаған - 5% немесе 13,6 мың бірлікке дейін. Ал ипотекалық қарыз портфелі 1 желтоқсанда 6,5 трлн теңгені құрады. Қолданыстағы келісімшарт 620 мың бірлік болса, оны 592 мың адам рәсімдеген", деп жазады Бірінші кредиттік бюро өз Telegram арнасында. 

Автонесие беру көлемі екі ай қатарынан жоғары деңгейде тұр. Сонымен қатар бұл нәтиже алдыңғы аймен салыстырғанда 5%-ға көбейген. Мәселен, бір ай бұрын 185 млрд теңгеге автонесие алынса, қарашада бұл көрсеткіш 194 млрд теңгені құрады. Алайда бір айда берілген несие саны өзгеріссіз қалып отыр: 23,6 мың.

PDL-сегментінде аздап жандану байқалады. Қазан айына қарағанда берілген несиелер көлемі 8%, яғни 40 млрд теңгеге дейін, ал олардың саны 5%,яғни 603 мың бірлікке дейін артқан. Алайда, бұл да жағдайды түзей алмауда, өйткені қазіргі көрсеткіш әлі де жыл басындағы деңгейден әлдеқайда төмен.

Бизнесті несиелендіруге келсек, жалпы берілген несие көлемі бір айда 8,3%-ға өсті. Қазіргі деңгейі – 1,8 трлн теңге. Мұнда да ескеретін мынандай жайт бар: бұл сегментте бір ай бұрын 10%-дық төмендеу тіркелген. Бұл орайда жеке кәсіпкерлікке берілген несие көлемі заңды тұлғалармен салыстырғанда екі есе жоғары қарқынмен өскен: 16%.

Дегенмен, бұл жерде салыстыруға келмейтін абсолюттік көрсеткіштер туралы сөз болып тұр. Нақтырақ айтқанда, жеке кәсіпкерлер көрсеткіші 160 млрд теңге, ал заңды тұлғалар көрсеткіші 1,66 трлн теңгені құрады.

"Қарашада 47,8 мың келісімшарт жасалған. Бұл қазанға қарағанда 2% көп. Бұл орайда, өсім тек жеке кәсіпкерлік сегментінде байқалады (+2%, 34,9 мың бірлікке дейін). Ал заңды тұлғалар сегментінде өзгеріс жоқ (12,9 мың бірлік)", делінген ұсынылған ақпаратта.

Бұған дейін жыл басынан бері қараша айында доллар сатып алушылардың ең жоғары тіркелгенін жазғанбыз. Ал қараша айының басында 1 АҚШ долларының бағамы 488 теңгені, ал айдың аяғында 511,22 теңгені құрады.


Рекомендовать
Последние новости
Соңғы рейс...
27 дек. 2024 12:15