Freedom Inside '26

Жыл басынан бері қарашада доллар сатып алушылардың ең жоғары деңгейі тіркелді

Жыл басынан бері қарашада доллар сатып алушылардың ең жоғары деңгейі тіркелді
afk.kz

2024 жылдың қараша айында ақша айырбастау орындары жеке тұлғалар мен бизнеске 228,1 млрд теңгеге көлемінде доллар сатты. Бұл - бір ай бұрынғы көрсеткішке қарағанда 34,1%-ға және жыл басынан бергі тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп жазады Dalanews.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, қараша айында АҚШ долларымен болған сауданың басым үлесі үш мегаполиске тиесілі: Алматы (63,6 млрд теңге), Шымкент (57,4 млрд теңге) және Астана (27,3 млрд теңге). Ал евро сатылымы бір айдың ішінде 27,3%ға-22,8 млрд теңгеге дейін өсті, ал рубль, керісінше, 55,6%–ға, яғни 8,8 млрд теңгеден 4,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Сондай-ақ ағылшын фунт стерлингінің сатылған көлемі 13,4%-ға, яғни 256,5 млн теңгеге және қытай юані бойынша сауда 19,3%-ға азайып, 124 млн теңгеге дейін азайды.

Ұлттық банктің мәліметінше, қараша айының басында 1 АҚШ доллар бағамы 488 теңгені, ал айдың аяғында 511,22 теңгені құрады. Бір ай барысындағы өсім 4,7% құрады. Сонымен қатар, қараша айының басында Ресейдің 1 рублі 5,03 теңге, ал соңына қарай 4,73 теңге (-6%) болды.

Салыстырмалы түрде алсақ, 2023 жылғы қарашада ақша айырбас орындарының доллармен жасаған сауда-саттық көлемі 234,6 млрд теңгені құрап, қазіргі мәннен біршама артық болған.