Жүгері мен жаңғақ алқаптары артты

Dalanews 01 нояб. 2017 07:23 1130

Алматы облысында ауыл шаруашылығындағы басым дақылдардың бірі, «Дала аруы» атанған жүгері алқабы 79 мың гектарға жеткізілді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингібарысында белгілі болды, –  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыс басшысының айтуынша, Жаркент крахмал-сірне зауытында Индустрияландыру картасы шеңберінде жүргізілген жаңғырту жұмыстарынан кейін қалдықсыз өңдеу циклі құрылған. Соның нәтижесінде өңдеу қуаттылығы 20 мыңнан 90 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Қазір өнімнің 27 түрі шығарылады.



Басқосуда Алматы облысында биыл тұңғыш рет 1280 гектарға жаңғақ ағашы отырғызылғанын облыс басшысы алға тартты.  Амандық Баталовтың айтуынша, интенсивті бақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Алқаптан сөреге дейінгі кластерлік негізде жұмыс істейтін компаниялар қазірдің өзінде бар. Мысалы, «Амал БИО» компаниясы өсірген өнімдерін өзі сақтап, өзі өңдейді. Өнімдері Қытай, Пәкістан, Иран секілді шет елдерде айтарлықтай сұранысқа ие.

Жалпы, өңірдегі бақтардың көлемі 22,4 мың гектарға жетсе, соның 2,1 мың гектары – апорт алмасы.

Алматы облысы әкімі А.Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брефингі

 

https://dalanews.kz/31748

Рекомендовать
Последние новости