35 мың тонна қант алынды

Dalanews 01 нояб. 2017 07:14 822

Алматы облысында биылғы жылы қант қызылшасының алқабы 9 мың гектарға жетті. Одан 350 мың тонна, яғни рекордтық өнім алынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Атап өтсек, Көксу қант зауыты үш жыл қатарынан жаңғыртудан өтті, 10 жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты биылғы жылы қалпына келтіріліп, 40 мың тоннақант қызылшасын қабылдады.«Жетісу» ӘӘК-ні тарта отырып, 18 сервистік дайындау орталықтары құрылды. Осының барлығы қант өндірісіне оң ықпал ететін болады. Заманауи ауыл шаруашылығы техникалары мен элиталық тұқым пайдаланудың нәтижесінде жекелеген шаруа қожалықтарында өнім әр гектарынан 500-700 центнерге дейін жетуде. Сөйтіп, биылғы жылдың өнімі 350 мың тоннаны құрайды деп болжанып отыр.



– 35 мың тонна қант алсақ, өңірдің қантқа деген сұранысын толық жаба аламыз. Біздің мақсатымыз – облыстың ғана емес, еліміздің қантқа деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету, – деді А. Баталов.

Алматы облысы әкімі А.Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брефингі

 

https://dalanews.kz/31742

Рекомендовать
Последние новости