Жүдебаев қызметінен босатылды

Қаракөз Амантай 30 янв. 2024 20:20 2547


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.


Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы әуендері» МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.


2007-2009 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК домбыра тобының әртісі.


2009-2011 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-нің дирижерлау кафедрасының оқытушысы.


2011-2013 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-де домбыра кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.


2013-2018 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК бас дирижері.


2018-2023 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ректоры.


2023 жылғы мамыр-шілде аралығы — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.


2023 ж. — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.


2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.



Рекомендовать
Последние новости