Ж.Түймебаев: «Дүнгендердің біразы Қырғызстан мен Қытайда оқығанды құп көреді»
Dalanews29 февр. 2020 11:31
729
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы дүнгендер басым бөлігі Қазақстан телеарналарын көрмейді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Нұр-Сұлтан қаласында өткен этносаясаттың өзекті мәселелері туралы дөңгелек үстел отырысында айтты, хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.
– Бұл өңірде көрші елдердің ықпалы сезіледі. Дүнген халқының едәуір бөлігі Қырғызстан мен Қытайдағы оқу орындарын құп көреді, қырғыз ұялы байланыс операторлары мен орыс, қырғыз және қытай телеарналарын көрсететін жерсеріктік спутникті пайдаланады, – деді Жансейіт Түймебаев.
Оның айтуынша, 11-14 ақпан күндері ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің сарапшылар тобы Қордай ауданына барып қайтқан.