Шілде айында бағаның жылдық өсімі шамамен 11,8% болды. Сөйтіп аталған көрсеткіш маусым айындағы көрсеткішпен бірдей, нақтырақ айтқанда, 0,08 пайыздық тармаққа азайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйене отырып, Бірінші несие бюросы хабарлайды.
Инфляцияның баяулауына ақылы қызметтер ат салысты: шілде айында олардың жылдық мәні 14,9% деңгейінде болып, маусым айындағы 16,1%-бен салыстырғанда төмендеген. Ал азық-түлік (маусымдағы 10,6%-дан кейін +11,2%) пен азық-түлікке жатпайтын тауарлар секторларындағы (9,4%-дан кейін +9,5%) инфляция қарқыны арта түсті.
"Ақылы қызметтер айлық есепте де аптығын басқан. Маусыммен салыстырғанда +0,5%, бұл - 2023 жылғы сәуірден бері кез келген ай үшін ең қолайлы нәтиже. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,8%-ға, ал азық-түлік 0,7%-ға қымбаттады. Соңғы уақытта инфляцияны дәл осы қызмет көрсету секторы күшейтіп келген. Осыған байланысты үкімет коммуналдық қызмет тарифтерін одан әрі өсіруді ішінара кейінге қалдыруға уәде берген еді", деп жазады DATA HUB.
Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттап жатқанын жазғанбыз. Сондай-ақ сайтымыздан "Инфляция дегеніңіз "өрт", экономика қызып барады". Сарапшы теңге бағамына қатысты шындықты айтты" деген мақаланы да оқи отырыңыздар.