Жергілікті аудан әкімдерінің сайлауы - жаңа саяси процесске жол ашты

Dalanews 06 нояб. 2023 13:30 761

5 қараша күні саяси мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосып жатқан маңызды науқан өтті. Пилоттық режимде 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалаларда әкімдер сайланды.

Жергілікті аудан әкімдерінің сайлауының өтуі - жаңа саяси процесс. Өйткені бұл жергілікті атқарушы билікті демократияландыруға деген негізгі қадам. Бұл жоғары билікпен жергілікті биліктің арасындағы сабақтастықтың орнағанын көрсетеді. Екінші жағынан, жергілікті атқарушы органның өзін-өзі басқару мүмкіндігі және сол жердегі мәселені жақсы білетін азаматтың басқаруға келуі оған артықшылық береді. Себебі әрбір аумақтың өзіндік ерекшелігі болады. Бір ауылға қолданылған жоспар (немесе тәсіл) екінші аймаққа мүлдем келмеуі мүмкін, сондықтан сол аймақты жақсы білетін адамның сайлануы мәселелердің дұрыс та, тез шешілуіне жол береді.

Статистикалық мәліметтерге келетін болсақ, 2023 жылғы сайлаудың басты ерекшелігі - бұл үміткерлердің 25% өзін-өзі ұсынған кандидаттар болуы. Сондай-ақ, сайланған әкімдердің 57,4%-ы бұрын бұл қызметте жұмыс істемеген. Яғни, ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарғанын көреміз.


Сонымен қатар, сайлаудағы бәсекелестіктің сандық аспектісі дұрыс құрылған партиялық жүйені бағалауға мүмкіндік береді. Мәжілісте фракциялық түрде ұсынылған барлық саяси партиялар да өз өкілдерін ұсынды. Олардың пайыздық үлесі 75% құрады.

Барлығы 10 әйел кандидат тіркелді. Оның ішінде, әйелдер Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында өздерінің саяси белсенділіктерін көрсетті. Әкім лауазымына үміткерлердің ең көп саны Абай және Қарағанды облыстарында тіркелген.

Бұл процес азаматтардың Конституциялық құқықтарын толық іске асырады. Халықтың билікке деген сенімін арттырады. Сонымен бірге әкімнің халық алдында жауапкершілігін күшейтеді және азаматтық қоғам мүшесі ретінде қоғамның дауыс беру мүмкіндігі көбейеді.

Эльмира Отар, әлеуметтанушы, PHD докторы 


Рекомендовать
Последние новости